389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО туроператорлары еліміздің демалыс орындарын аралады

  • 343
  • UPD: 14:40, 23.05.2019
БҚО туроператорлары еліміздің демалыс орындарын аралады

Батыс қазақстандық туроператорлар ішкі туризммен етене танысу үшін ақпараттық турға шықты.

Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының туристік компанияларының өкілдері Бурабайға барып, мұндағы демалыс аймақтарымен танысты. Сонымен бірге олар Би ту Би форматында кездесулер өткізіп, жергілікті кәсіпкерлермен ынтымақтастық орнатуға уағдаласты. Батыс Қазақстанның балаларын қыс мезігілінде Көкшенің кереметіне жіберіп тұру туралы келісімге де келді. Бұдан кейін туроператорлар Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының туристік әлеуетімен таныспақ.

Хабар 24 телеарнасы