383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада көп пәтерлі үйлерге мониторинг жүргізіліп жатыр

  • 149
  • UPD: 14:56, 23.05.2019
Елордада көп пәтерлі үйлерге мониторинг жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтандағы көп пәтерлі тұрғын үйлерге мониторинг жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Т.Құлұшев Facebook парақшасында мәлімдеді.

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғын үй қорының деңгейі төмендеуіне жол бермеу және барлық көппәтерлі тұрғын үйдің техникалық жағдайын анықтау мақсатында мұндай нысандарға мониторинг жүргізіліп жатыр.

«Тұрғын үй деңгейлерінің мониторингі қасбеті бар тұрғын үйлер, шатырынан су ағып жатқан тұрғын үйлер, жертөле үй-жайлары, топырақ суларымен толып кеткен үйлер, жылу радиаторлары қосылмаған немесе ажыратылған тұрғын үйлер, кіреберістерінде терезелері сынған немесе кіреберістегі есіктер, электрлік қалқандары және т.б., тұрғын үйлерге жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Осыған байланысты қалаға тіршілігіне немқұрайлы қарамайтын тұрғындарға үйлерінің жағдайы туралы (фотодеректерінің тіркелуімен) ескертулерді, ұсыныстарды, пікірлерді, ойларды және оларды іске асыру тәсілдерін ukkgs@astana.kz немесе 87756714828 WhatsApp номері бойынша, ukkgs_astana электрондық мекенжайы арқылы қалдыруды сұрайды. 

Барлық ұсыныстар қарастырылып, жинақты іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезінде ескеріледі.

elorda.info

Хабар 24 телеарнасы