389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда адамдарды өлімнен арашалап қалған офицердің ерлігі еленді

  • 359
  • UPD: 23:05, 23.05.2019

Қарағандыда екі адамды өрттен құтқарған Ұлттық ұлан офицері марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

6505 әскери бөлімінің аға лейтенанты Шыңғыс Қалижанов қаланың жеке секторындағы үйлердің бірінде болған өрттен екі әйелді аман алып шыққан. Қазір оның ерлігі еленіп, ҚР ішкі істер министрінің бұйрығымен «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталып, «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» екінші дәрежелі төс белгісі салтанатты түрде тапсырылды. Шыңғыс Қалижанов 2009 жылы Ақтөбе қаласының әскери бөлімінде еңбек жолын бастаған. Кейін келісімшартпен Қарағандыдағы 6505 әскери бөліміне ауысқан.

Шыңғыс Қалижанов, 6505 әскери бөлімінің аға лейтенанты:

- Алдымен екі кісіні далаға шығардым. Содан кейін дереу ас үйден шелекпен су тасып, бөлмені шарпыған жалынды өшірдім. Бас-аяғы 15 минутта болған жағдай. ҚР Ішкі істер министірлігі тарапынан көңіл бөліп, марапаттап жатыр. Алғысым шексіз. Міндетімді әрқашан мүлтіксіз атқарудан аянбаймын.

Хабар 24 телеарнасы