380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорданың қызмет көрсетуші ұйымдары басшыларының байланыс нөмірлері жарияланды

  • 161
  • UPD: 16:48, 23.05.2019
Елорданың қызмет көрсетуші ұйымдары басшыларының байланыс нөмірлері жарияланды elorda.info

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Арман Тұрлыбек Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында коммуналдық сала жетекшілерінің жеке байланыс нөмірлерін жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Арман Тұрлыбек тұрғындар тарапынан анықтамалық қызмет телефондарына қоңырау шалудың ыңғайсыздығына және су, жарық немесе қоқыстың уақытында шығарылуына қатысты сауалдар жиі қойылып жататынын айтады.

Бұған дейін коммуналдық сектор басқармалары басшыларының және қала әкімінің орынбасарының телефон нөмірлері жарияланған болатын. Енді елорданың коммуналдық кәсіпорындары басшылығымен байланыс орнатуға мүмкіндік туды.

«Қаланың қызмет көрсететін компанияларының бірінші басшыларының WhatsApp нөмірлерін жариялап отырмын. Әрине, тығыз жұмыс кестесіне байланысты басшыларда телефон қоңырауларына жауап беру мүмкіндігі үнемі бола бермейді, сондықтан WhatsApp арқылы хабарласу өте жақсы балама. WhatsApp бойынша сұрақтарыңызды жазып, қойыңыздар, олармен Facebook-те байланыс орнатыңыз, олардың ресми сайттарындағы маңызды ақпараттарды қадағалаңыз. Олар сіздермен қарым-қатынас жасауға дайын! Және осы пайдалы ақпаратты сақтап алуды ұмытпаңыз, пайдасы тиіп қалар»,- деп жазылған жеке парақшада.

Хабар 24 телеарнасы