384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Захера Харб: Ғаламтор дәстүрлі медианы ығыстыра алмайды

  • 178
  • UPD: 23:05, 23.05.2019

Ақпарат таратудың тәсілдері мен технологиялық құралдары өзгергенімен, бұқаралық ақпарат құралдары өзектілігін жоғалтпайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі дәстүрлі журналистика шынайы ақпараттың қайнар көзі. Бұл – Еуразиялық медиафорум қатысушыларының бірі, Лондон қалалық университетінің халықаралық журналистика лекторы Захера Харбтың пікірі.

Захера Харб, Лондон қалалық университетінің халықаралық журналистика лекторы:

- Журналистер мен ғалымдар «фейкньюс» терминін ұната бермейді. Себебі, өзім сияқты журналистер мен саланы зерттеушілер «фейкньюс» таза саяси ұғым деп біледі. Яғни тілшілерге деген сенімге селкеу түсіруге бағытталған. Қазіргідей ғаламтордың ашық кеңістігінде жалған ақпарат тарауы заңды. Сондықтан не нәрсенің шын, ал не нәрсенің жалған екенін анықтау біраз қиынға түседі. Бұл – журналистердің бас ауруына айналған мәселе.

Хабар 24 телеарнасы