383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мамандар газеттердің болашағы жайлы пікірлерін ортаға салды

  • 241
  • UPD: 23:04, 23.05.2019

Дәстүрлі журналистика мен әлеуметтік желідегі хабарлар, онлайн белсенділік.

Иә, ғаламтордағы жеке парақшасы бар кез келген адам өз аудиториясын қалыптастыра алады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. Алайда шынайы және бейресми ақпараттың аражігін кім ажыратады? Еуразиялық медиафорумда сарапшылар осы тақырып төңірегінде қызу пікірталасқа түсті.

Журналистика – дәуір үні. Ол әлемнің барлық саласын қамтиды. Қаламды қару еткен журналистердің қаузамайтын тақырыбы жоқ. Алайда қазіргі ақпараттық технологиялар журналистиканың өзгеруіне, өркендеуіне ықпал етеді. Оған мысал – әлеуметтік желілердегі онлайн-медианың дамуы. Бүгін сарапшылар болашақта телеарналар, газет-журналдардың болашағы жөнінде өз ойларын ортаға салды. Бірі газеттердің болашағы бұлыңғыр, бәсекеге төтеп беруге қауқарсыз десе, екінші тарап бұған АҚШ-та заман көшінен қалмай келе жатқан The New York Times газетінің жетістігі мен беделін алға тартады. Жалпы, сандық технологиялардың дамуы журналистика көкжиегін кеңейтіп, дамудың жаңа жолдарын ұсынды.

Авторы: Алмас Садуақас

Хабар 24 телеарнасы