380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 100-ден астам ауыл жойылуы мүмкін

  • 204
  • UPD: 23:03, 23.05.2019
Қазақстанда 100-ден астам ауыл жойылуы мүмкін Мунайлы Астана

Бұл – халық саны 50 адамнан аспайтын елді мекендер, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басым көпшілігі солтүстік өңірде шоғырланған. Бұл туралы журналистерге ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов хабарлады. Оның айтуынша, инфрақұрылымы, мектеп, аурухана секілді әлеуметтік нысандары жоқ ауылдардың жабылуы ықтимал. Ондағы тұрғындарды жергілікті билік селолық округ және аудан орталықтарына көшіруі тиіс. Қазір ел аумағында 6,5 мың елді мекен бар. Оның 3,5 мыңында 500-ден аз адам тұрады.

Ермек Алпысов, ҚР ұлттық экономика вице-министрі:

- Егер дамуы жоқ болса, ол ауылдар ақырындап жабылады. Бірақ біз қолдау көрсетіп, жағдай жасауымыз керек. Жергілікті жерден қосымша қаражат басқа жерге көшіру, қосымша тұрғын үй салу аудан орталығында немесе округ орталығында көшіруді жергілікті органдар қарастыруда.

Хабар 24 телеарнасы