384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыр өңірінде бұқтырылған етті консервілеу цехы ашылды

  • 154
  • UPD: 23:01, 23.05.2019
Сыр өңірінде бұқтырылған етті консервілеу цехы ашылды

Қызылорда облысында алғаш рет қалбырдағы ет өнімдерін шығаратын цех ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таң ауылындағы жаңа өндіріс тәулігіне консервідегі бұқтырылған еттің мың данасын дайындайды. Заманауи технологиямен жабдықталған цех аумағында мал сою, мұздатқыш, ет кесу және қаптау бөлмесі бар. Дайын өнім тамыз айынан бастап еліміздегі ірі сауда орындарына жеткізіле бастайды. Бірқатар әскери мекемемен де келісім жасалған. 

Сәкен Шағыртаев, кәсіпкер:

- Бұл жерде мал бордақылау алаңы 200 басқа және бір тәулікте 16 бас ірі қара малын сою және 500 кг ет өнімін консервілеу, бумалау цехы болып табылады. Қазіргі таңда 14 адам жұмыспен қамтылған. Бір технолог, қалғандары осы ауылдың тұрғындары.

Хабар 24 телеарнасы