384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да үш адам суға кеткен

  • 210
  • UPD: 22:51, 23.05.2019
БҚО-да үш адам суға кеткен

Батыс Қазақстанда шомылу маусымы басталмай жатып 3 адам суға кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның екеуі бұғанасы қатпаған бала. Күннің көзі қызыса, жұрт жаппай шомылуға асығады. Бірақ қауіпсіздік талаптарын сақтай бермейді. Өңірде 70-ке тарта суға түсетін аумақ белгіленген. Қазір төтенше жағдай мамандары осы жағалауларды тексеруді бастады. 

Нұралы Мусиев, облыстық ТЖД бас маманы:

- Бұл жұмыстың пайдасы жеке жағажайларда тұрғындар келіп демалған кезде, соның ішінде балалар болады. Балалар судың ішінде жүзіп ойнап жүрген кезде түбінде қатты қалдықтар болады. Осы қоқыстардың салдарынан суға түскен адам жарақат алып қалуы мүмкін. Сондықтан да осы жұмыстар жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы