380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыс қаласында 47 мыңға жуық сайлаушы тіркелген

  • 221
  • UPD: 09:37, 24.05.2019
Арыс қаласында 47 мыңға жуық сайлаушы тіркелген

Арыс қаласында 34 сайлау бөлімшесі жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда 46 мың 800 сайлаушы тіркелген. Қаладағы барлық бөлімшелер қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылды. Әр бөлімшеде сайлаушылардың санына қарай 11-ден 5-ке дейін комиссия мүшелері мен шетелдік байқаушылар болады. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да өз таңдауын жасауына бар жағдай жасалған. Сайлау бөлімшелеріне арнайы компьютер қойылып, лупа, үстел шамы және құлаққаптар жеткізілген. 

Айта кетейік, жалпы Түркістан облысы бойынша 889 сайлау бөлімшесі бар. Онда сайлау комиссиясының 6240 мүшесі жұмыс істейді.

Ерлан Маханов, Арыс қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Өзіміздің аумақтық сайлау комиссиясында да 7 мүше бар. Төраға, орынбасар, хатшы және 5 мүшеден. Барлық аудандық-қалалық бөлімшелердің барлығында осындай кабинеттер жасақталған, сырттың бәрінде сілтемелер орнатылып, жерге сызылған. Бөлімшеге кіреберіс жердің екі жағында да бағыттағыштар жүргізілген.

Хабар 24 телеарнасы