378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында 1 миллионнан астам адам сайлауға қатысады

  • 386
  • UPD: 07:05, 24.05.2019

Шымкентте Орталық сайлау комиссиясының өкілдері сайлауалды оқу семинарын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиынға өңірдегі сайлау комиссияларының төрағалары мен орынбасарлары және сайлау бөлімшелерінің өкілдері қатысты. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Мелдешов жиынға қатысушыларға сайлау заңнамасы мен ондағы жаңашылдықтарды түсіндірді. Семинарда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саяси науқанға қатысу жайы сөз болды. Сайлауда оларға арнап аудио түріндегі сайлау бюллетеньдері дайындалып жатыр. Ал сайлау комиссиясына мүше болып тіркелген 6240 маман жуырда «Каскад» әдісімен саяси науқан туралы білімін жетілдірген болатын.

Бақыт Мелдешов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- 20 мамырдан бастап әкімдер сайлаушылардың тізімдерін тапсырды. Олар енді сол дайындықтың барлығын жүргізіп жатыр. 15 күн қалған кезде сайлаушылар келіп тізім ішінен өздерін тексеруге мүмкіндік жасалынып жатыр. Сосын биыл көп ерекшеліктер бар. Әсіресе біздің заңда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығы кеңейтілген.

Хабар 24 телеарнасы