378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана Су Арнасы» қызметкерлерінің қаза болуына орай тергеу амалдары басталды

  • 383
  • UPD: 23:10, 23.05.2019
«Астана Су Арнасы» қызметкерлерінің қаза болуына орай тергеу амалдары басталды

Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов мерт болғандардың отбасыларына барынша көмек көрсетуді және төтенше жағдайды жете тергеуді тапсырды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Бүгін, 23 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында қайғылы оқиғаның салдарынан «Астана Су Арнасы» мекемесінің 4 қызметкері қаза болды.

«Өз атымнан және әкімдік атынан көз жұмған азаматтардың туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамын. Қала әкімдігі қаза болған қызметкерлердің отбасыларына тиісті көмек көрсететін болады. Тиісті қызметтерге тергеу амалдарын жете жүргізіп, аталмыш қайғылы оқиғаның орын алуының себептерін анықтауды тапсырдым», – деп жазды өзінің Facebook-тегі парақшасында Бақыт Сұлтанов.

Сондай-ақ қалалық №1 ауруханаға метаннан улану белгілерімен тағы да бір азамат жатқызылды.

«Зардап шегушіні ауруханаға жедел жәрдем бригадасы жеткізді. Ол өз есін біледі. Пациентте бас ауруы және жөтел бар. Ол күкіртті сутектен (метаннан) орташа деңгейде улану диагнозымен  токсикология бөліміне жатқызылды. Қайғылы жағдай өндіріске алынды», – деп мәлімдеді ауруханада.

Дәрігерлер науқастың жағдайын тұрақты деп бағалап жатыр.   

Хабар 24 телеарнасы