383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде 1-сыныпқа қабылдау электрондық жүйеде жүргізіледі

  • 293
Ақтөбеде 1-сыныпқа қабылдау электрондық жүйеде жүргізіледі

Ақтөбеде балаларды бірінші сыныпқа қабылдау енді электрондық жүйеде жүргізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында тұңғыш рет қолға алынған жоба сынақтан сәтті өтіп, тиімділігін көрсеткен. Енді маусым айынан бастап, мектепке баратын бүлдіршіндердің құжаттары рәсімделеді. Электронды портал күні-түні жұмыс істейді. Сондықтан ата-аналардың онлайн режимінде өтініш беруіне толық мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының да көмегіне жүгіне алады. Бірақ олардың ертерек қам жасағандары дұрыс дейді білім бөлімінің мамандары. Себебі әр мектеп белгіленген бала санынан артық қабылдай алмайды. Жалпы биыл қала бойынша 9 мыңға жуық бала 1-сыныпқа бармақ.

Жұлдыз Шалабаева, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:

– Қала тұрғындарының уақытын тиімді пайдалану мақсатында бірінші сыныпқа құжат қабылдау жұмысы автоматтандырылған жүйеде жүзеге асырылады. Бұл үшін барлық ата-ана үйден шықпай-ақ, немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы және өздерінің электронды сандық қолтаңбасы арқылы Мектеп.акт.кз. сайтына кіріп өз өтініштерін қалдырып, сол жерде құжаттар рәсімдей алады. Кейін қолхат беріледі, сол қолхатты әр мектепке апару арқылы мектепке қабылданады.

Хабар 24 телеарнасы