380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалықтар балаларын мектеп пен балабақшаға электронды түрде тіркей алмай жүр

  • 138
Елордалықтар балаларын мектеп пен балабақшаға электронды түрде тіркей алмай жүр

Осындай келеңсіздіктің барын айтып, бірқатар ата-ана біздің арнаға шағымданған болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Электронды жүйелер уәделі қызмет түрлерін көрсетпейді. Цифрлық қолтаңба талап етуі де көпшілікке қолайсыз екен. Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасындағылар мәселеден хабардар. Олар мектепке тіркелу 1 маусым мен 30 тамыз аралығында жүретінін жеткізді. Өтініш электронды және қағаз түрінде қалдырылады. Мекенжай анықтамасынан басқа қажет құжаттар табысталса болғаны. Ал балабақшаға тіркеу үрдісінде жаңашылдықтар бар.

Жазира Асанова, қалалық білім басқармасының бөлім жетекшісі:

– Биылдан бастап бізде ЭЦҚ компьютердің қажеті жоқ. Барлық қызметтер смартфон арқылы қолжетімді болады. Бұл жаңартылған жүйені 10 маусымнан бастап іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз. Алдын ала жүйемен танысу үшін ата-аналарды екі оқушылар сарайына шақырамыз. 30 мамырдан 6 маусымға дейін түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз.

Хабар 24 телеарнасы