384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тараздық оқушы кітап оқып миллионер атанды

  • 457
Тараздық оқушы кітап оқып миллионер атанды

Таразда 9 сынып оқушысы кітап оқып, миллионер атанды.

Жеткіншек тұңғыш рет ұйымдастырылған «Кітап оқып миллионер бол!» жобасының қорытынды кешінде марапатталды. Байқау қатысушыларына отандық және шетел жазушыларының 100 туындысы ұсынылған болатын. Ол 5 айдың ішінде әртүрлі жанрдағы 40 әдебиетті оқып шыққан. Жалпы шараға шаһар бойынша мыңнан астам мектеп оқушылары қатысып, 20 мыңнан астам кітап оқылды. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде кітап оқып миллионер бол хештегімен үш мыңға жуық жазба жарияланды. Мамандар мұндай бастамалар өскелең ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын оятады дейді.

Қазына Әбілсейіт, миллионер оқушы:

– Сабақ уақытында да отырып оқыдым. Қосымшаларға барып үйге келгеннен кейін де оқыдым. Бір кітапты 3-4 күнде оқып бітіруге болады. Шерхан Мұртазаның, Келімбетовтің, Стивенстің кітаптары ұнады.

Тоғжан Аллаберген, байқау жүлдегері:

– Байқауда 23 кітап оқыдым. Оның 5-і әңгіме болып шықты. Бұл кітаптар 200, 300 және 400 бетке жетеді. Бір аптаның ішінде бір кітаптан оқып отырдым. Кейбір кітаптарды қайталап оқыдым. Себебі кейбір сөздері маған түсініксіз болды. Маған қатты ұнағаны – Джек Лондонның «Тектік сарын» атты кітабы.

Хабар 24 телеарнасы