378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда «Жас өркен» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

  • 156
Қостанайда «Жас өркен» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

«Халықтың сүйіктісі» ұлттық жүлдесі аясында биыл елімізде дарынды балалар арасында «Жас өркен» сыйлығының байқауы жарияланған болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін соның қорытындысы шығарылып, Қостанайда жеңімпаздарды марапаттау шарасы өтті. Бұл байқаудың басқалардан ерекшелігі, үміткерлерді іріктеу әлеуметтік желілерде ашық дауыс беру арқылы жүргізілді. Ғылым, білім, өнерде талантымен танылған 300-ден астам жеткіншек өз бақтарын сынап көруге өтініш берген. «Жас өркен» жүлдесі 14 аталым бойынша сарапқа салынды. Үш кезеңнен тұратын дауыс беру қорытындысында 28 жүлдегер анықталды.Топ жарғандардың бесеуі – Қостанай облысының жеткіншектері.

Әлібек Байнешов, жоба жетекшісі:

– Балалардың ішінде халықаралық дәрежедегі республиканың бетке ұстар спортшылар бар. Білімдісі де бар, біліктісі де бар.

Хабар 24 телеарнасы