384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте жыл басталғалы жасөпірімдердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелмеген

  • 471
Шымкентте жыл басталғалы жасөпірімдердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелмеген

Шымкент қаласында жыл басталғалы жасөпірімдердің қатысуымен бірде-бір жол-көлік оқиғасы тіркелмеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі – балалардың сабаққа қауіпсіз келіп-кетуі. Ювеналдық полиция инспекторларының жіті назарында. Олардың қызметіне жаңа бағыт енгізіліпті. Шаһардағы 142 жалпы білім беру ұйымына инспекторлар бекітіліп, олар күнделікті таңертеңнен қара кешке дейін мектептердің алдында орналасқан жаяу жүргіншілер жолағында оқушыларға қызмет көрсетеді. Мұндай баламасы жоқ жоба әзірге Шымқалада ғана қолға алынып отыр дейді полиция департаментінің өкілдері. Ювеналды полицияның жұмысына ата-аналар да дән риза. Ал 2018 жылы жасөспірімдердің қатысуымен 9 жол-көлік оқиғасы орын алған болатын.

Рамиля Искандерова, №45 мектеп гимназиясының директоры:

– Мұндай шаралар әуелі балаларымыз үшін қажет. Күн сайын инспекторлар жол жиегінде тұрып, жаяу жүргіншілер жолағымен оқушыларды өткізеді. Яғни көшеде зуылдаған көліктен олардың өмірін сақтап тұр десек те болады.

Дильфуза Махаммедова, қала тұрғыны:

– Ең бірінші осы жұмысты қолға алғандарға алғыс айтқым келеді. Ауа райының кез келген уақытында көшеде тұрып балаларға жағдай жасауда. Негізінен бар жауапкершілікті мектепке жүктей салуға болмайды. Ата-аналар да осыған көңіл бөлуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы