383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда биыл амфитеатр пайдалануға беріледі

  • 123
  • UPD: 09:46, 24.05.2019
Түркістанда биыл амфитеатр пайдалануға беріледі

Түркістан тұрғындарының игілігіне біршама уақыттан соң амфитеатр ғимараты қызмет көрсететін болады, деп хабарлайды Отырар.

Биылғы жылдың сәуір айында құрылыс жұмыстары басталған ғимарат қазан айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

1000 орынға лайықталған заманауи кешеннің жалпы көлемі 2400 шаршы метрге тең. «Рухани-мәдени орталық» аймағындағы 0,56 гектар жерге жүргізіліп жатқан құрылыс алаңында күндіз – 22, түнгі аусымда 10 жұмысшы еңбек етуде.

Елбасы – Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен Түркістан қаласының облыс орталығы атану құрметіне орай республикамыздағы өзге облыс әкімдіктері жаңа облыс орталығына бір-бір ғимараттан салып, сыйға тартатын болған. Соның бірі –амфитеатр Маңғыстау облысы әкімдігінің сыйы.

Хабар 24 телеарнасы