383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 6 мыңнан астам дәрі-дәрмек рецепт бойынша ғана босатылады

  • 135
  • UPD: 11:11, 24.05.2019
Қазақстанда 6 мыңнан астам дәрі-дәрмек рецепт бойынша ғана босатылады

«Науқасқа зиян келтірмеңіз». Медициналық этикадағы бұл бұлжымас ережені шымкенттік ақ халаттылар мен фармацевтерге ұстану талап етіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі дәрі-дәрмекті науқастарға дұрыс беру дәріхана мен медицина қызметкерлерінің жауапкершілігінде. «Негізінен препараттарды рецепт бойынша беру – бірінші кезектегі іс», – дейді сала мамандары. Ал қазіргі таңда Қазақстанда тіркелген 7792 дәрі-дәрмектің алты мыңнан астамы дәрігердің рецепті бойынша босатылады. Дәрігерлердің айтуынша, өзін-өзі емдеу пациенттердің ауруларының асқынуына алып келеді. Егер «басыңыз ауырып, балтырыңыз сыздаса» міндетті түрде дәрігерден кеңес алып барып, ем алу қажет. Ал заңмен тыйым салынған дәрілік заттарды сатуға жол жоқ. Өткен жылы Шымшаһарда дәрілік заттарды рецептсіз бостатудың 24 фактісі анықталған.

Ләззат Қашқымбаева, ҚР ДСМ фармация комитеті қалалық департаментінің басшысы:

– Дәрілік заттар тек рецептпен ғана жіберілуі керек. Өйткені Қазақстанда қазіргі уақытта 7792 дәрілік зат тіркелген. Оның 77 пайызы тек рецептпен берілуі керек. Көбінесе антибиотиктер қолданылып кетіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы