380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


XVI Еуразиялық медиафорум: Қарулы қақтығыс аймақтарының пайда болуына не себеп?

  • 148
  • UPD: 12:46, 24.05.2019

XVI Еуразиялық медиафорумның кезекті отырысында Әлемдік геосаяси картада жанжал оты өршіп, қарулы қақтығыс аймақтарының пайда болуына не себеп деп келетін бірнеше тақырып сарапшылар талқысына түсті.

Алмас Сәдуақас, тілші:

– Қазір медиафорумда пікірталас қызу. Саясаттанушылар мен сарапшылар, әлемге танымал журналистер мен медиа саласының беделді мамандары күн тәртібіндегі «Сенімнің жоғалуы. Ғаламдық күш теңгерім» тақырыбындағы көкейдегі ойларын ортаға салып жатыр. Бұл тақырыпты қаузайтындар арасында АҚШ Президенті Дональд Трамп сайлау штабының басшысы, Ақ үйдің аға кеңесшісі болған Стив Бенон, ұлыбританиялық СЖТН телеарнасының атқарушы директоры Стивен Коул, саяси тәуекелдер бойынша талдаушы Джеремис Кетнер сынды халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшылар бар. Олар мемлекеттер арасындағы шекара тұтастығы, күш-қуатты пайдаланбау, дау-дамайды бейбіт түрде шешу сынды әлемдік тәртіпте бірік орныққан ережелер төңірігендегі әрқилы көзқарастар салдарынан туындайтын проблемаларды көтерді.

Хабар 24 телеарнасы