379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде мамыр айының басынан бері мал ұрлығымен айналысқан 30 топ ұсталды

  • 151
  • UPD: 12:52, 24.05.2019

ІІМ мал ұрлығына арнайы бап енгізуді ұсынады.

Ұрлыққа қарсы күрес аса маңызды мәселелердің бірі. Бұл тек қана полиция емес, басқа да мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың күш салуын талап етеді, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Соның ішінде мал ұрлығының салдары орасан, ол ауыл кәсіпкерлігіне және азаматтарға айтарлықтай шығын келтіреді.

Соңғы үш жылда 19 мыңнан астам мал ұрлығы орын алған. Соның салдарынан 60 мыңнан астам бас қолды болды. Қожайындарына 30 мыңнан астам бал басы қайтарылды. Алайда, полицияның алдын алу, ұйымдастыру және практикалық іс-шаралары бұл қылмыстың түрін түбегейлі жоюға жеткіліксіз.

Сондықтан ауыл тұрғындары үшін ауыр тиетін мал ұрлығына жазаны күшейту мақсатында ІІМ Қылмыстық кодекске осы қылмыс түріне арнайы бап енгізу туралы бастама көтерді. Сәйкесті заң жобасы таяу уақытта Парламенттің қарауына енгізіледі.

Қазір ІІМ ұсынысы ауыл шаруашылығы малдарын жаю тәртібін бұзушылыққа байланысты әкімшілік жауапкершілік енгізу бойынша қаралуда. Оны әзірлеу жергілікті атқарушы органдарға жүктелген.

Сондай-ақ ІІМ мал ұрлығының алдын алу бағытында кең көлемді жедел іс-шаралар өткізуде.

Мамыр айында «Мал ұрлығы» операциясының кезекті кезеңі өткізілді. Шара кезінде полиция қызметкерлері шаруашылықтар, мал жайылымдары пункттері және фермалар, малды автокөлікпен тасушылар тексерілді, сонымен бірге мал сату, сатып алу, ет өнімдерін сату нүктелері қадағалауға алынды.

Операция барысында 159 мал ұрлығы, соның ішінде өткен жылдарда орын алған 57 ұрлық орын алды. Бұған қоса, 483 мал иесіне ұрланған малдар қайтарылды (180 жылқы, 103 ірі қара және 200 ұсақ мал). Мал ұрлығы үшін 214 адам және 30 қылмыстық топ құрықталды.

Сонымен бірге, ветеринария саласында 400-дей құқық бұзушылық, соның ішінде мал тасымалдау және ет өнімдерін сатуды тиісті құжаттарсыз іске асырғандар анықталды.

Хабар 24 телеарнасы