384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда мектеп асханаларына сандық технология енгізілмек

  • 155
  • UPD: 13:21, 24.05.2019
Оралда мектеп асханаларына сандық технология енгізілмек

Жаңа оқу жылынан бастап Орал қаласының мектептеріндегі тамақтану жүйесі электронды форматқа көшірілмек.

Бұрын мектеп асханаларын жалға алушыларды білім ордаларының басшылары анықтайтын болса, енді тендерді мемлекеттік сатып алу немесе білім басқармасы электронды түрде өткізеді. Бұл жемқорлық тәуекелдерді азайтып, мектеп директорларын артық жұмыстан босатады. Әрі кәсіпкерлермен келісім бір жылдан 3 жылға дейін ұзармақ. Және қыркүйектен бастап төлем жүйесі карта арқылы жүзеге асады. Сонда балалардың қандай тамақ ішкенін ата-аналар мобильдік қосымша арқылы қадағалай алады. Оқушылардың сабаққа келмеген немесе тамақ ішпеген күндері де есептеліп, бюджет қаржысы үнемді жұмсалатын болады.

Әлия Салиева, арнайы мониторинг қызмет тобының төрайымы:

– Ата-аналар тарапынан шағым көп болғасын, осы мәселені көтерген едік. Сәуірден бастап, бастауыш сыныпқа тамақтану құны 100 теңгеден 150 теңгеге, аз қамтылған отбасы балаларына 200 теңгеге жетті. Тағы басқа бірқатар нақты шара қолға алынады. Соның бірі – электронды түрде есеп айырысу. Енді балалар қолма-қол ақша ұстамайды. Әрі осы арқылы тамақ сапасы да жақсарады деген сенімдеміз.

Хабар 24 телеарнасы