389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында сайлау бөлімшелері арнайы кабиналармен жабдықталды

  • 452
  • UPD: 14:42, 24.05.2019

Маңғыстау облысына Америка құрама штаттары мен Ресейден байқаушылар келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қос өкілі алдағы Президент сайлауына дайындық барысын бақыламақ. Қазір аймақта еліміздегі ең маңызды саяси шараға дайындық қызу жүріп жатыр. 223 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Оның бесеуі шалғайдағы мұнай газ кен орындарында. Әр бөлімшеде мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне жағдай жасалған.  Қазір сайлаушылардың саны нақтыланып жатыр. Әзірге 390 мың сайлаушы тіркелді.

Асқар Рзаханов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Учаскелік комиссияларға тізімдер жеткізілді. Жергілікті атқару органдары 20 мамыр күні учаскелік комиссияларға берді. 5 күннің ішінде учаскелік комиссиялар тізімді нақтылап, ертеңнен бастап әрбір сайлаушы өзінің тізімге енгенін, енбегінен айтып, баруына болады.

Хабар 24 телеарнасы