389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде алғашқы жәрдем көрсетуге арналған 68 бекет ашылады

  • 331
Елімізде алғашқы жәрдем көрсетуге арналған 68 бекет ашылады

Биыл елде жыл соңына дейін алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге арналған 68 бекет ашу жоспарланған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша жалпы тәжірибелік дәрігерге түсетін жүктемені 2020 жылы 1700-ден 1500 адамға азайту көзделіп отыр. Сондай-ақ келер жылы 211 жаңа нысан салу жоспары да бар. Ал республикалық бюджеттен бөлінетін 27 млрд теңге көлеміндегі қаржының 24,5 млрд теңгесіне 800 бірлік жедел жәрдем мен жан сақтау көліктері сатып алынады. Бұл туралы бүгін «Өңір» депутаттық тобының отырысында Денсаулық сақтау министрлігі мен медициналық әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері хабарлады. Сонымен қатар алқалы жиын барысында саланы цифрландыру, білікті мамандарды тарту, жастарды ауылдық жерлерге бағыттау амалдары туралы сөз болды. Айта кетейік, бүгінде ел бойынша алғашқы медициналық көмек беруге арналған 49 жылжымалы бекет бар. Алдағы жылы жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеге тағы 18 пункт сатып алу жоспарланған.

Серік Бектұрғанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Отандық медицинаны дамыту бойынша Елбасы қойған тапсырмаларды заңнамалық тұрғыда орындау жағын талқылап жатырмыз. Сондай-ақ таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ақтөбеде өткен халықаралық конференцияның негізгі тақырыптары да қамтылды. Оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы да басты назарда. Өйткені аталған жүйе келер жылдан бастап күшіне енеді. Елді мекендерде мамандардың тапшылығын шешу сынды мәселелер де сөз болды.

Хабар 24 телеарнасы