380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Апатқа байланысты Қаламқас кен орнында сарапшылар жұмыс істеп жатыр

  • 177
Апатқа байланысты Қаламқас кен орнында сарапшылар жұмыс істеп жатыр

23 мамырда Маңғыстау облысындағы Қаламқас кенішіндегі ұңғымадан газ-су қоспасы атқылаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал осыдан екі күн бұрын Қарақия ауданындағы Мұнайшы ауылынан бір шақырым жердегі бітелген мұнарадан мұнай төгілу дерегі тіркелді. Мұндағы ақау құбыр жапқыш тетіктен шыққан деген болжам бар. Қазір экологтар жерге құйылған мұнай көлемін анықтауға кірісті. Оқиға салдарын жою үшін екі арнайы техника мен бес маман жұмылған. Ал Қаламқаста грифон атқылаған ұңғыма өткен наурыз айында өртенген еді. 40 см биіктікке шапшыған газ-су қоспасы аумағы 35 метр жерге жайылған. Осы дерекке орай шұғыл штаб құрылып, кен орнында сарапшылар тобы жұмыс істеп жатыр.

Қуанар Базарбаев, облыстық ТЖД басшысы:

– Грифон атқылау дерегі биыл наурызда Қаламқас кенорында өртенген 8237-ұңғымада тіркеліп отыр. Қазір ол жер тәулік бойы бақылауға алынды. Шұғыл штаб өкілдері газ-су қоспасы шығу себептерін анықтап жатыр. Ұңғымаға су жіберу тетігі өшірілді. Сәйкесінше, құбырдағы қысымның төмендегенін көріп отырмыз. Зерттеу жұмыстары әлі де жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы