378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейлік оқушы 4 жастағы баланы құтқарып қалды

  • 167
Семейлік оқушы 4 жастағы баланы құтқарып қалды

Семейлік 2-сынып оқушысы Виктор Новоселовтың ерлігі бүгінде ел аузында.

Ол осыдан бірнеше күн бұрын қала шетіндегі батпақтардың бірінде бақа қуып ойнап жүрген еді. Кенет бір топ баланың ішіндегі 4 жастағы балдырған байқамай құлап кетіп, тұншыға бастаған. Витя балақайға дер кезінде жетіп, қолынан тарта бастаған. Осы кезде ересектер көмекке келіп, бүлдіршін аман-есен құтқарылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жас батырды марапаттау жағын ойластырып жатқанын хабарлады.

Виктор Новоселов, жас батыр:

– Әлгі балақай абайсызда батпаққа бетімен құлап, тұншыға бастады. Есіміз шығып, достарым көмекке адам іздеп кетті. Ал мен қолынан мықтап ұстап алып, жібергем жоқ. Содан кейін үлкендер келіп шығарып алды. Мұндайда көмек қолын созу әркімнің міндеті деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы