383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауыл шаруашылығында өңдеуге басымдық беру бәсекеге қабілеттілікті арттырады

  • 119
  • UPD: 22:23, 24.05.2019

Ауыл шаруашылығы саласында өңдеу өнеркәсібіне басымдық беру қажет.

Бұл аграрлық бағыттың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Мәжілісте ет және сүт өнімдерін өндіруді, экспорттауды дамыту тақырыбы көтерілді. Бүгінде өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың жүктемесі төмен. Еттің тек 33 проценті, ал сүттің 31 проценті өңделеді. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин шағын өндірушілерді қайта өңдеуші кәсіпорындармен байланыстыратын дайындаушы ұйымдардың желісін құру керек деді.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы:

- Сапалы азық-түлік бойынша біздің еліміздің өзінде қамтамасыз ететін экспортқа да шығатын мүмкіндігі өте зор. Соның ішінде әсіресе ет, сүт өнімдері басым бағыттарымыздың бірі. Осыған орай Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес таза табиғи өнімдердің арттырудың барлық жолдары көрсетілді. Ендігі мақсатымыз оларды тиімді, нәтижелі жүзеге асыру.

Хабар 24 телеарнасы