383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында бомба туралы жалған хабар таратқан ер адам cотталды

  • 138
  • UPD: 17:14, 24.05.2019
Маңғыстау облысында бомба туралы жалған хабар таратқан ер адам cотталды Казинформ

Бомба туралы жалған хабар таратқан Маңғыстау облысыны тұрғыны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz «Лада» басылымына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының тұрғыны ұялы телефонынан 102 нөміріне хабарласып, дүкенге бомба қойып кеткені жайлы жалған мәлімет айтқан. Полицейлердің мәліметінше, ер адам мас күйде болған.

Осылайшағ Мұнайлы аудандық сотының үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы («Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау») бойынша айыпты деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Хабар 24 телеарнасы