384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде егістік жұмыстары үшін дизель отынының литрі 160 теңгеден сатылады

  • 357
  • UPD: 21:15, 24.05.2019

Ел диқандары көктемгі дала жұмыстарына кірісті. Егістік аумағы 19 миллион гектар.

Оның 14,5 миллионы дәнді дақылдардың еншісінде. Майлы дақылдар 2,7 миллион гектарды алып жатыр. 458 мың гектарға көкөніс пен картоп егілген. Техника жеткілікті. Жаңа комбайндар сатып алынған. Шаруалар жанар-жағармаймен әзірге 81 процентке қамтылып отыр. Дизельдің 1 тоннасы биыл 193 мың теңге. Яғни литрі 160 теңгеден сатылады. Жеткізу мен сақтауды есепке алғанда 1 литр үшін шамамен 174 теңге болуы тиіс. Бұл жанар-жағармай станцияларындағы бағадан 18 теңгеге арзан.

Хабар 24 телеарнасы