383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада газдан уланып ауруханаға түскен жұмысшының жағдайы белгілі болды

  • 115
  • UPD: 21:03, 24.05.2019

Кеше елордада метан газынан уланып 4 маман көз жұмған еді. Тағы бір жұмысшы ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлер «қазір ол науқастың жағдайы тұрақты» деп отыр. Марқұм болған 4 азамат «Астана су арнасы» коммуналдық мекемесінің жұмысшылары еді. Белгілі болғаны әуелі құдықтағы жұмысшының бірі есінен танып, су қоймасына құлаған. Оны құтқаруға ұмтылған тағы үш әріптесі де газға тұншығып көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы