383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жезқазғанда көп балалы 10 отбасы баспаналы болды

  • 193
  • UPD: 22:48, 24.05.2019

Жезқазған қаласында көп балалы 10 отбасы баспаналы болды. Барлығы «Қазақмыс» корпорациясында еңбек етеді.

Компания келешекте тағы 120 адамды үймен қамтымақ.

Бұған қоса жұмысшыларға көптеген әлеуметтік жеңілдіктер жасағалы отыр. Оның барлығы Қарағанды облысының әкімдігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Қазақмыс» корпорациясы қол қойған үшжақты келісімде қамтылған. Әзірге Қарағанды мұндай маңызды құжатты қабылдаған алғашқы өңір.

Жезқазған қаласының тұрғыны Салтанат Нұрланова 10 жыл үй кезегінде тұрған. Жалғызбасты ана бұған дейін алты баласымен қонақүйдің қуықтай бір бөлмесін паналап келіпті. Бүгін ол 4 бөлмелі зәулім пәтерге қол жеткізді. Қоныстой иесін облыс әкімі Ерлан Қошанов пен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев құттықтады.  

Салтанат Нұрланова, Жезқазған қаласының тұрғыны:

- Ораза айында осындай несібелі 4 бөлмелі, кең сарайдай үйге қол жеткізіп жатырмын. Мың да бір алғысым шексіз. Әрқашанда осы үйден баланың үні кетпесін. Барлықтырңызға семьяда бақыт тілеймін.       

Бұл күні мысты шаһардағы көпбалалы 10 отбасы баспаналы болды. Олардың барлығы «Қазақмыс» корпорациясында еңбек етеді. Бірінші кезекте жалғызбасты аналарға басымдық берілген.

Бақтияр Қырықпышев, «Қазақмыс» ЖШС басқарушы кеңесінің бас директоры:

- Бізде 1200-ден астам көп балалы отбасы бар. Солардың ішінен ең мұқтаж деген отбасыларына кезең-кезеңімен пәтерлер беретін боламыз. Жылдың аяғына дейін тағы бір 10 пәтер береміз. Сонымен биыл 20 отбасы пәтер алса, келесі жылғы жоспарымызда 47 бар, қалғандары келесі жылы алады.

Жиында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қарағанды облысының әкімдігі және «Қазақмыс» корпорациясы үш жақты меморандумға қол қойды. Маңызды құжат компанияда еңбек ететін жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайын түзеуге бағытталған.

Ерлан Қошанов, қарағанды облысының әкімі:

- Қарағанды облысында мемлекеттің көмегіне мұқтаж 130 мың адам бар. Олардың мәселесін шешу үшін биыл біз қазынадан қосымша 12 миллиард теңге бөліп отырмыз. 

Қазір Қарағанды облысында 12 мыңға жуық көп балалы отбасы тұрады. Олардың 1206-сында баспана жоқ. Жыл соңына дейін соның тең жартысына жуығы үймен қамтылмақ. Сондай-ақ кәсіп ашамын деген 223 анаға грант беріледі.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин

Хабар 24 телеарнасы