380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда XVI Еуразиялық медиафорум аяқталды

  • 136
  • UPD: 13:27, 25.05.2019

Үш күнгі созылған халықаралық жиынға әлемнің 42 елінен 600 ден астам саясаттанушы, сарапшылар, БАҚ өкілдері мен медиакеңістік мамандары қатысты.

Форумның соңғы күні Халықаралық қатынастардағы сенім құндылығының құлдырауы, виртуалды әлемдегі блогосфераның қалыптасуы сынды тақырыптар кеңінен талқыланды.

Форумның бас серіктесі «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры.  Бүгінгі форумда «Сенімнің жоғалуы. Ғаламдық күш теңгерімі» тақырыбы талқыланды. Сарапшылар қазіргі замандағы халықаралық қатынастардағы сенімсіздіктің  орнауына байланысты өз ойларын айтты. Әсіресе Таяу Шығыс елдері арасындағы қарулы-қақтығыстар, Еуропадағы көші-қон саясаты төңірігенде туындайтын дау-дамайлардың себеп-салдарына үңілді.     

Стив Бэнон, Ақ үйдің аға кеңесшісі және бас стратегі, /2016-2017 ж/ АҚШ/:

- Әлемдік алпауыт елдер арасында бір-біріне деген сенімсіздік басым екенін аңғарамыз. Тіпті саяси элита мен қарапайым халық арасында сенім көпірін қалыптастыру оңай емес. Біз бұл мәселені айтамыз. Қоғамдық талқылауға салып,  ортақ шешім табуға тырысамыз.

Болашақта ғаламтор мен әлеуметтік желілер телеарналар мен газет-журналдарды нарықтан ысыртыруы мүмкін. Форумда кейбір сарапшылар осылай десе, екінші тарап дәстүрлі журналистиканың мүмкіндіктері шексіз деді.

Әбен Әбдірәсілов, әлеуметтанушы:

- Блогосферадағы егер сіз газеттің ішінде бір ақпаратты 100 адам оқитын болса, блогта интернетте күнделікті мыңдаған адам оқуы мүмкін. Сондықтан оған ақшаның да көп керегі жоқ. Көп талап етпейді. 80 пайызға жуық адамдар интернет, мобильді жаңалықтарды оқиды. Сондықтан менің ойымша қазіргі таңда блогтардың қарқынды дамуы ертең біздің қоғамға белсенді қадам жасатқызады.

Марат Оралғазин, актер және сценарист:

-Менің ойымша интернет жалпы әлеуметтік желілер барлығына ортақ дүниелер ғой. Сондықтан қазіргі таңда телевидение, журналистика болсын осы платформаларды игеру керек деп ойлаймын. Сондықтан бұл сфераны елемеуге болмайды. Қазіргі таңда олар тек қана пікір қалыптастырушы емес, кәдімгідей жұлдыз десек қателеспейміз.

Халықаралық шара шеңберінде медиа саланың цифрлануы, халықаралық құқық және сын-қатерлер, жаңа технологиялар мен жасанды интеллектің кеңінен таралуы, блогосфераның дамуы  сынды  пікірлер айтылды

Дмитрий Гордон, «Гордон» интернет-басылымының негізін қалаушы, /Украина/:

- «Өтірік айтпайтын, яғни шындықты қалайтын өзіндік көзқарасы болғаны маңызды. Мейлі оның көзқарасы көпшілікпен бір арнада тоғыспауы мүмкін. Кейде, ол да жақсы. Себебі пікір мен көзқарас әртүрлі болуы керек.  Үшіншіден,  жалғандығы жоқ,   яғни  шынайы ақпарат  ешқашан өз тұғырынан түспейді. 

Орта Азиядағы негізгі әрі тәуелсіз пікір алмасу платформасы болып саналатын  бұл форумның  басты міндеті әлем назарын жалпадамзаттық проблемаларға назар аудару. Еуразиядағы және халықаралық қоғамдастықтағы геосаясат, экономика, әлеумет пен мәдениетті дамытуға мүдделі әртүрлі  сала сарапшыларының еркін әрі ашық диалог құруына жағдай жасау.

Авторлары: Алмас Садуақас, Ерлан Әбжанов

Хабар 24 телеарнасы