384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында 20 мектеп салынып жатыр

  • 474
  • UPD: 15:20, 25.05.2019
Ақтөбе облысында 20 мектеп салынып жатыр

Бүгін еліміздегі барлық мектептерде кезекті оқу жылы қорытындыланып, соңғы қоңырау соғылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үздік оқушылар марапатталып, түлектер білім ордасымен қимай қоштасады. «Білім ап саяңда, өткіздік сан жылды» демекші, мектеп бітірушілер үлкен өмірге жолдама алады. Соңғы қоңырау салтанаты қалай өтетінін келесі жаңалықтарды білетін боламыз.

Ал Ақтөбе облысы келесі оқу жылына дайындық көруде. Қазір өңірде 20 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұл мақсатқа жалпы көлемі 14,5 млрд теңге қаржы жұмсалады. Қазір нысандардағы жұмыс қарқыны қызу. Оның ішінде жеті ауданда және Ақтөбе қаласында салынып жатқан 13 білім ұясын қыркүйекте пайдалануға беру көзделген. Бұл жұмыстардың барлығы өңірдегі 10-нан астам үш ауысымды және үш апатты жағдайдағы мектептердің мәселесін жоюы тиіс. Сондай-ақ облыс орталығының аумағында пайда болған елді мекендерді де білім мекемелерімен қамту басты назарда. Мамандар құрылыстың жүруі мен сапасы бақылауда ұстап отыр. Бұдан өзге 27 нысанда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қайта жаңартылатын болады.

Ләззат Оразбаева, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Биылғы жылы 1 қыркүйекте 13 мектеп ашылады. Бұл мектептердің барлығы қазіргі таңда 90 пайызға шейін құрылысы бітіп тұрған мекемелер. Қыркүйек айына дейін қосымша материалдық жабдықтармен қамтылып барып ашылатын болады. Сол сияқты әрі қарай 7 мектептің құрылысы жалғасатын болады. Келесі оқу жылына қосымша биыл тағы да 4 мектептің құрылысы басталатын болады.

Хабар 24 телеарнасы