378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да шалғай ауылдарға автобус қатынай бастады

  • 321
  • UPD: 15:19, 25.05.2019
ШҚО-да шалғай ауылдарға автобус қатынай бастады

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында шалғай ауылдарға автобус қатынай бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұрын тұрғындар тек таксимен жүруге мәжбүр болса, енді қалтаға қонымды бағамен аудан орталығына келіп қайтуға болады. Мәселен, Тарбағатай ауылына дейін такси 1200 теңге алса, автобустың жолақысы – 550 теңге. Сондай-ақ Ақшәулі ауылына 500 теңгемен, Баршатас ауылына мың теңгемен жетуге мүмкіндік туып отыр. Бұл бағыттардағы шығынды азайту үшін аудан бюджетінен 21 миллион теңге субсидия да қарастырылған. Кәсіпкерлер егер сұраныс артса, үлкен автобустар жүргізуді жоспарлап отыр.

Мархабат Бакишева, Тарбағатай ауылының тұрғыны:

- Автобусымызға, шығарып отырған жүргізушілерге рақметімді, алғысымды айтамын. Жұмысымыз бітеді, 17:00 кезінде ауылға қайтамыз, 19:00 кезінде барамыз. Таңертең 7-де ауылдан шығады. Бірақ автобус кішірек болып тұр, үлкен автобус берсе деп тілеймін. Өйткені бала-шағамен жүреміз, ауруханаға қатынаймыз.

Арман Оспанов, кәсіпкер:

- Болашақта касса нүктесін қойып, дүкен алдынан аялдама қойып, автобус жол белгісін қойып, ары қарай жұмыс жасамақшымыз. Егер толтырылымы көбейіп жатса, автобустарды жаңартып, үлкейтейік деген ойымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы