380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда студенттер арасында сайлау құқығы бойынша жарыс басталды

  • 175
  • UPD: 15:19, 25.05.2019
Алматыда студенттер арасында сайлау құқығы бойынша жарыс басталды

Еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері арасында Сайлау құқығы мен сайлау процесі мәселелері бойынша ұлттық викторина басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі кезеңнен тұратын жарыстың ережесін Орталық сайлау комиссиясы бекіткен. Қазіргі кезде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің интерактивті тұғырнамасына Қазақстанның 29 университетінен 190 студент тіркелген. Олар өзара білім жарыстырып, пікірталасқа түседі. Қазақстанмен бірге мұндай жарыс Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Молдова және Ресей студенттерінің арасында да өтуде. Ұлттық қазылар алқасы үш жеңімпазды анықтауы тиіс.

Жақсылық Қанатбеков, студент:

- Барлығы сайлауға қатысты сұрақтар. Бұл сұрақтарды әрбір Қазақстан Республикасының азаматы білуге міндетті деп ойлаймын. Себебі алда келе жатқан президенттік сайлау барлығымызға белгілі.

Махаббат Бөлеева, ҚР Орталық сайлау комиссиясының бөлім меңгерушісі:

- Жеңімпаз биыл 15 қыркүйекте Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Халықаралық демократия күніне орай ұйымдастырылатын студенттердің ғылыми пікірталасына қатысады.

Хабар 24 телеарнасы