378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында тау мұздықтары ери бастады

  • 160
  • UPD: 15:14, 25.05.2019

Күн жылынған сайын тау басындағы мұздықтар еріп, өзен-көлдер арнасынан асуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Қауіптің алдын алу мақсатында Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазселденқорғау» мекемесінің қызметкерлері тікұшақпен таулы аймақты әуеден барлап қайтты.

Жетісу жерінде күн жылынып келеді. Сонымен бірге өз бастауын тау мұздықтарынан алатын өзен-көлдердің таситын маусымы басталды. Қаратал өзені солардың қатарында. Оған Қора, Шажа, Көксу келіп құяды. Сала мамандары осындай қауіпті аймақтарға аэровизуалды барлау жасап шықты. Жоңғар Алатауындағы 7 көлшікті, Іле Алатауындағы 4 мұздықтың еруінен пайда болған суларды көрді. Облыс аумағындағы тау шатқалдарында 675 кішігірім көлшік бар.

Алматы облысында бұндай барлау шаралары жыл сайын өткізіліп тұрады. Өңірде 30 тәуліктік, 16 маусымдық және 3 қосымша гидрологиялық бекет жұмыс істейді. 

Авторы: Шыңғыс Қалиден

Хабар 24 телеарнасы