378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР СІМ: Лиондағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

  • 174
  • UPD: 21:29, 25.05.2019
ҚР СІМ: Лиондағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ News.ru

Лион қаласындағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Еске сала кетейік, кеше Францияның Лион қаласында жарылыс салдарынан 13 адам жарақат алып, 11 адам ауруханаға жеткізілген болатын. Олардың көпшілігі жеңіл жарақат алды. «Француз құқық қорғау органдарының біздің дипломаттарға берген ақпаратына сәйкес, жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ» деп мәлім етті министрліктен.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы