379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда сотқа келген арыздардың 80% электронды түрде жолданған

  • 165
  • UPD: 21:27, 25.05.2019
Қазақстанда сотқа келген арыздардың 80% электронды түрде жолданған

Соңғы уақытта елімізде сотқа келген арыздардың 80 пайызы электронды түрде жолданған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ҚР Парламенті Сенаты мен РФ Федералды Жиналысы Федералды Кеңісінің арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның Алматыда өткен 14-отырысында айтылды. Жиын барысында Қазақстанның және Ресейдің сенаторлары құқық қорғау органдары мен сот қызметін цифрландыруды заң аясында жүзеге асыру және екі елдің жастар ұйымдарының ынтамақтастығы мәселелерін талқылады. Қазір уақыт талабына қарай құқық пен сандық технология бір біріне кірігіп келеді. Құқықтық саланы цифрландыру сала мамандары үшін де, азаматтар үшін де оңтайлы. Парламентаралық байланыс ортақ мәселені шешуге мүмкіндік бермек.

Сергей Громов, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары:

– Құқықтық саланы сандық жүйеге көшіруде бізде көп жұмыс атқарылды. Бірақ алда талай міндеттер бар. Интернет өте қарқынды дамып жатыр. Бүгін көрші жатқан екі ел құқық пен сандық технологияны біріктіруде атқарылар істі бірлесіп талқыладық.

Ильяс Умаханов, федерация кеңесі төрағасының орынбасары:

– Бұл формат ортақ мәселелерді шешуге өте тиімді. Келесі кездесуді дөңгелек үстел форматында немесе пікірталас, конференция түрінде модельді заңдар белсенді дайындалып жүрген ТМД-ның парламентаралық ассамблеясының пікірталас алаңында өтеуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы