383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д. Назарбаева Қазақ тамақтану академиясы мен «Амиран» балалар сүт тағамдары зауытына барды

  • 167
  • UPD: 21:26, 25.05.2019

Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Алматыдағы жұмыс сапары барысында Қазақ тағамтану академиясында болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ондағы тағам сапасы мен қауіпсіздігін бақылайтын зертхана жұмысындағы сүт өнімдерін даярлау технологиясын көрді. Академия президенті Төрегелді Шарманов елімізде бие саумалынан жасалатын өнімдер туралы айтты. Дәрумендер мен құнарлы заттарға бай тағамды сәбилерге алты айынан бастап беруге болады. Сонымен қатар Сенат спикері академияның Алматы облысы, Талғар ауданында орналасқан зауытына ат басын бұрды. Елімізде баламасы жоқ бұл кешенде сүт тағамдарының көптеген түрі шығарылады. Зауыт күніне 16 тонна сүт өндіреді. Дегенмен еліміздегі сұранысты толық қамтамасыз ету үшін бір ғана зауыттың қуаты жеткіліксіз.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

– Бұл жерде өте сапалы өнім дайындалады. Сақтау мерзімі – 1 ай немесе 1 жыл емес, 3-5 ақ күн. Яғни бұл ешқандай қоспаларсыз әзірленетін табиға таза өнім деген сөз. Осындай зауыттардың әр өңірде болғаны маңызды. Сонда уақыт пен тасымалдау шығыны үнемделер еді. Ал ол үшін арнайы даму бағдарлама керек-ақ. Біз бұл мәселені назарда ұстаймыз.

Хабар 24 телеарнасы