383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында өзен-көлдер тасуы мүмкін

  • 144
  • UPD: 21:25, 25.05.2019
Алматы облысында өзен-көлдер тасуы мүмкін

Күн жылынған сайын тау басындағы мұздықтар еріп, өзен-көлдер тасуы мүмкін.

Қауіптің алдын алу мақсатында Алматы облысының ТЖД мен «Қазселденқорғау» мекемесінің қызметкерлері тікұшақпен таулы аймақты әуеден барлап қайтты. Сала мамандары Жетісу Алатауындағы 7, Іле Алатауындағы 4 көлшіктің қазіргі жағдайын көрді. Облыс аумағындағы 675 қар суы жиылған жерді тексерді. Соның 220-дан астамын есепке алған. Арнасынан асып, қауіп төндіруі мүмкін деген өзен-көлдерде қазір 50 шақты гидрологиялық бекет жұмыс істеп, су деңгейін қадағалап отыр.

Қанат Алтынбеков, облыстық ТЖД өкілі:

– Барлық мұздық мореналдық көлдер әлі де қар астында жатыр. Қазір елді мекендерге төнетін қауіп жоқ. Шілде айында мұз ерігенде қауіптілігін төмендетіп, суды ағызамыз.

Хабар 24 телеарнасы