383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне – 85 жыл

  • 166
  • UPD: 12:37, 27.05.2019
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне – 85 жыл

Биыл Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 85 жыл.

Білім мен ғылымның қара шаңырағы саналатын университет мерейтойына орай салтанатты жиын өтті. Халқымыздың біртуар тұлғалары ұстаздық еткен, асыл перзенттер түлеп ұшқан білім ордасы 85 жылдық тарихында сан мың жас өренді тәрбиелеп шығарды. Қазір іргелі оқу орында 25 мың студент білім алады. 100-ден астам академик, мыңдаған білікті ұстаз жастарға тәлім-тәрбие беруде. Білім сапасын басты орынға қоятын қара шаңырақ әлемнің үздік университеттерінің қатарында.

Дария Пернешова, ҚР ҰҒА академигі:

– Бүгінгі таңда университет – тек қана Қазақстан емес, халықаралық аренадағы ұлттық болмысты қалыптастырып отырған жаңа ғылымдық серпілістерді қалыптастырып отырған, халықаралық QS рейтінгісіне қатысып отырған сапалы білім беретін орталықтың бірі. 

Хабар 24 телеарнасы