383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 285 сарбаз әскери ант қабылдады

  • 187
Алматыда 285 сарбаз әскери ант қабылдады

ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне қарасты 0111 әскери бөлімінде 285 жас сарбаз әсери ант қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әскери жоралғылар болса сарбаздар бойында Отан алдынғы борышын өтеуге рухын нығайтып, жауынгерлік мінез қалыптастырады. Жалпы Мемлекеттік күзет қызметкерлеріне қатаң талап қойылады. Оған сұңғақ бойлы, сұңғыла ойлы, денсаулығы мықты, оқуда озат жастар алынады. Бүгінгі рәсімде сарбаздар бір ай бойы «жас жауынгер курсынан» үйренген саптық машық-дағдыларын көрсетті. Енді олар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы әскери бөлімдерге жөнелтіліп, міндеттерін атқаруға кіріседі.

Нұрберген Ақжігіт, жас сарбаз:

– Өзім 15 жасымнан бастап осы мемлекеттік күзет қызметінде қызмет еткім келді. Болашақта Мемлекеттік күзет қызметінде келісімшартпен қаламын ба деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы