389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында егіс науқаны аяқталып келеді

  • 297
  • UPD: 07:33, 26.05.2019
Алматы облысында егіс науқаны аяқталып келеді

Биыл жетісулық дихандар 962 мың гектарға ауыл шаруашылық дақылдарын егеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 мың гектарға көп.

Қазір өңірдегі егін егу науқаны таулы аймақтарда ғана жүргізіліп жатыр. Егістік алқаптың 95 пайыздан астамы игерілген. Шаруаларға дала жұмыстарына қажет арзандатылған жанар-жағармай беріліп, алған тыңайтқыштары субсидияланған. Мемлекет тарапынан қолдау болғанымен  Кербұлақ ауданындағы  шаруаларды мазалайтын өзекті мәселелер де бар. Соның бастысы кадр тапшылығы. Сала мамандарының тағы бір тілегі техникаға қатысты.

Есенбек Бураханов, шаруа қожалық жетекшісі; 

- Белорусияда естіп жатырмыз. Техника алса 50 пайызы субсидияланады. Яғни мемлекет төлейді. Үкімет тарапынан бізге сондай көмек болса, бізге жақсы болар еді. Жұмысшылар жағы бізге өте тапшы болып жатыр.

Қайрат Бекиев, шаруа қожалық жетекшісі; 

- Бізге жақсы механизаторлар жетіспейді. Токарьлар жетіспейді. Ауданымызда СПТУ ашылайын деп жатыр. Бізге енді жақсы көмек  болса деп ойлаймыз. Жастар ауылға тұрмай жатыр.

Хабар 24 телеарнасы