379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда көп балалы отбасыларға 216 пәтерлік екі үй беріледі

  • 178
  • UPD: 12:26, 26.05.2019
Оралда көп балалы отбасыларға 216 пәтерлік екі үй беріледі

Орал қаласында көп балалы отбасыларды баспанамен қамтуға баса көңіл бөлінеді.

Күні бүгін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 14 көп қабатты тұрғын үйдің екеуі қоғамның әлжуаз топтарына, соның ішінде көп балалы отбасыларға арналған. 216 пәтерлік қос үйдің алғашқысы шілде айында тапсырылады. Ал екіншісі келер жылы пайдалануға беріледі. Бүгінде шаһарда үй кезегіне тұрғандар саны 19 мыңнан асады. Оның 781-і көп балалы жанұялар. Мамыр айында облыс орталығында кезек күткен 20 жанұяға пәтер кілті тапсырылған еді. Баспаналы болып, бақытқа бөленгендердің бірі Малаевтар жанұясы. 4 бала тәрбиелеп отырған отбасы жаңа қонысқа жақын күндері көшіп баруды жоспарлап отыр.

Алмагүл Малаева, қала тұрғыны:

- Бәріне рахметімді айтамын. Кезегімді күтіп, осындай қуанышқа кенеліп жатырмыз. Қиын ғой, енді өте қиын, көрмеген неміз жоқ. Енді бәріне көніп, шыдап келдім, балаларым үшін. Балаларым қуанса осы сол.

Мирас Мулкай, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

 - Аталған екі үйден басқа кезекте тұрған топтарға арналған тағы екі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын бастаймыз ба деп отырмыз. Қазіргі уақытта олар 47 және 48 дақтар. Екеуі де 198 пәтерден. Енді көп балалы отбасыларға соның ішінен беріледі.

Хабар 24 телеарнасы