383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркі Кеңесіне мүше болатын елдер саны арта түседі – Куршат Зорлу

  • 244
  • UPD: 14:16, 26.05.2019

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Түркі әлемі беделді қайраткер ретінде мойындайды дейді саясаттанушы, ғалымы Куршат Зорлу.

Оның Түркі Кеңесінің құрметті төрағасы атануы халықаралық қоғамдастықтың абыройын асыра түседі. Және Кеңес мүшелерінің артуына оң ықпал етеді дейді Зорлу мырза. Елбасы түбі бір түркі елінің байланысын нығайтуға зор үлес қосып келеді әрі туыстас елдердің халықаралық қоғамдастықтармен ынтымақтастығының нығаюына үлес қосты дейді саясаттанушы-ғалым.

Куршат Зорлу, саясаттанушы:

- Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Қазақстанның тұңғыш президенті, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылды. Сондай-ақ Түркі Кеңесі - Қазақстанның тәуелсіздік алғанынан кейінгі 30 жылдық кезеңінде Елбасы Назарбаевтың халықаралық және аймақтық интеграциялық жобаларының ішіндегі ең маңыздысы. Қазіргі таңда кеңеске 4 ел мүше. Нұрсұлтан Назарбаевтың да Түркі Кеңесіне өмір бойы құрметті төрағасы атағы берілуі де, алдағы уақытта мүше санының артуына әсер ететіні анық. Себебі Назарбаев әлемдік деңгейдегі қайраткер. Сонымен қатар 1992 жылынан бері Түркі тілдес мемлекет басшыларының саммитіне үздіксіз қатысып келе жатқан мемлекет басшысы.

Хабар 24 телеарнасы