383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмолалық еріктілер өзен-көлдерді тазалап жүр

  • 111
  • UPD: 23:53, 26.05.2019

«Таза су айдындары» акциясының аясында бүгін бір топ елордалық белсенділер «Қоянды» су қоймасын қоқыстардан арылтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тазалау жұмыстарына табиғат қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге өз еркімен келген 30 адам қатысты. Олар ондаған келі тұрмыстық қалдықтар мен ұзындығы бірнеше шақырымға созылатын балық аулайтын ау жинады. Су қоймасын шомылу маусымына дайындау үшін еріктілер ай соңына дейін бұл жерге тағы да келмек.

Мұхит Рамазанов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

- Бұған жылына 400 адам жұмылдырылады. Былтыр 35 су айдынында жұмыстар жүргізілді. 30 тоннадай қоқыс жиналды. 16 км балық аулайтын ау жиналды. Және басқа да жұмыстар істелінді.

Хабар 24 телеарнасы