378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында 8700 пәтер салынбақ

  • 159
  • UPD: 23:53, 26.05.2019
Ақтөбе облысында 8700 пәтер салынбақ Kursiv.kz

Ақтөбе облысында биыл 1 миллион шаршы метрге жуық баспана салу жоспарда тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – 8 700 пәтер. Дәстүрлі құрылыс материалдарын қолданушы компаниялардан бөлек, өңірде үй комбинатының өнімдерімен тұрғызылған тұрғын үйлерге де сұраныс жоғары. Кәсіпорында шығарылатын қабырға панельдері, жабу тақтайлары мен сатылар баспана құрылысын тез және сапалы жүргізуге мүмкіндік береді. Өндірісте қолданылатын шикізаттың 95 проценті жергілікті жерден алынады. Комбинат іске қосылған екі жыл ішінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы аумағы 15 мың шаршы метр болатын 52 коттедж бен 6 аз қабатты тұрғын үй салынған. Қазір тағы да бес нысанның құрылысы жүріп жатыр. Мұндай жұмыстар өңірдегі баспана бағасының шарықтамауына септігін тигізіп отыр.

Нұркен Тұрбаев, үй құрылысы комбинатының құрылтайшысы:

- Біздің зауыт жылына 50 мың шаршы метр тұрғын үй салуға жеткілікті өнім шығара алады. Бұған дейін түрлі бағдарламалар аясында баспаналар салып келдік. Мемлекеттен құрылысқа қажетті жер бөлініп, инженерлік желілер тартылды. Енді келер жылдан бастап коммерциялық тұрғын үй құрылысын қолға аламыз. Қазірдің өзінде бұларға сұраныс бар.

Хабар 24 телеарнасы