389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада оқушылар мобильдік қосымшалар құрастырудан сынға түсті

  • 643
  • UPD: 23:51, 26.05.2019
Астанада оқушылар мобильдік қосымшалар құрастырудан сынға түсті

Қазақстанның дарынды оқушылары елордада мобильдік қосымшалар құрастырып жарысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

10 және 18 жас аралығындағы қыз балалар қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған жобаларын бүгін Technovation challenge байқауында таныстырды. Халықаралық сайыстың аймақтық кезеңіне бас-аяғы 350 бала қатысып, озықтардың ішінен 7 команда озып шықты. Олар – Алматы, Ақтөбе, Тараз, Теміртау қалаларынан келген оқушылар. Енді Америка Құрама Штаттарындағы қазылар алқасы осы жеңімпаздардың жұмыстарының ішінен үздіктерін іріктеп алуы тиіс. Осылайша олар тамыз айында Сан-Францискода өтетін ақтық сынға жолдама алады.

Малика Жәнібек, ұйымдастырушы:

- Жалпы, осы жылдар ішінде қазақстандық бір топ бүкіл әлем бойынша жеңімпаз атанды. Әлем бойынша байқауға 78 мемлекеттен аса қатысушы қатысты. Әлемдік сайыста жеңімпаз болған команда қауіпсіздік мәселесін шешетін жобаны ойлап тапты. АҚШ-та болған финалда 10 мың доллар ұтып алды. Қазір олар осы жобаны жүзеге асырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы