387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетаудан Мәскеуге қатынайтын әуе рейсі ашылды

  • 484
  • UPD: 12:58, 27.05.2019
Көкшетаудан Мәскеуге қатынайтын әуе рейсі ашылды Today.kz

Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, «Суxой Суперджет 100» ұшағы Көкшетаудан әр жексенбі күні ұшады. Билет бағасы бір бағытқа 47 мың теңге. Ал, әуе кемесі Мәскеудің «Жуковский» әуежайына барып қонады. Жаңа рейстің ашылуы екі ел арасындағы барыс-келісті жиілетіп, Ақмола облысында туризмді одан әрі дамытуға сеп болады деген болжам бар. Себебі, өңірге келетін туристердің көбісі ресейліктер. Ал, алдағы уақытта аталған рейс аптасына екі рет ұшуы мүмкін.

Айта кетейік, Көкшетаудан бұған дейін тек Алматы мен Ақтау қалаларына ғана ұшу мүмкін болатын. Яғни, «Көкшетау-Мәскеу-Көкшетау» алғашқы халықаралық рейс.

Авторы: Дамир Берікұлы

Хабар 24 телеарнасы