380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда ECO-chаllenge акциясы өтті

  • 132
  • UPD: 13:06, 27.05.2019
Нұр-Сұлтанда ECO-chаllenge акциясы өтті

«Астана жастары» ресурстық орталығы Сарыарқа ауданы әкімдігімен бірлесіп, республикалық экологиялық ECO-chаllenge акциясын өткізді, - деп xабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағының өкілдері, «Астана жастары» ЖРО еріктілері мен «А35» жобасының қатысушылары, сонымен қатар қаламыздың белсенді тұрғындарының күшімен Н.Тілендиев көшесінен бастап, Сарыбұлақ өзенінің жағасы мен Теміржол вокзалына дейінгі аралық толықтай қоқыстан тазартылды.

Жалпылай есептегенде, 540 келі қоқыс жиналып, жойылды. Ұзындығы 2,5 шақырым, жалпақтығы шамамен 4 метрлік өзен жағасы тазартылды.

«Акцияның барлық қатысушыларына үлкен алғыс білдіреміз! Қаламыздың барлық тұрғындарын экологиялық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз!», - делінген ұйымдастырушылардың xабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы